Өскемен қаласында да көтеріңкі көңіл-күй  сыйлайтын «Open-air» кештері басталды.  Халық әртістері, ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі шығармашылығымен жұртты тәнті етті.
Халық әртістері, ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің түлектері -  халықаралық байқаулардың жеңімпаздары. Өнерімен қазақ жұртын ғана емес, шетел халқын сүйсіндірген.  Сондықтан Елорданың туған күні қарсаңында өскемендіктер мен қала қонақтарына сыйлық жасады.