Биыл Ұлан ауданында мал және ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын мал базарын ашу жоспарлануда. Осы орайда аудандағы шаруа қожалықтарының бірі мал басын көбейтуді мықтап қолға алған. Төрт түлік бағзыдан бері ата-бабамыздың мінсе көлігі, жесе асына айналған берекелі кәсібі. Мұхаметбек Мұхамади біраз жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып халыққа пайдасы тиер игі істерге атсалысып жүр. Ал мал шаруашылығын дамытуға бет бұрғанына 8 жылдай уақыт болыпты. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта ауыл шаруашылығы базарын ашып, халыққа қол жетімді бағада өнім ұсынуды жоспарлап отыр. Аталмыш базар Ұлан ауданы әкімдігінің қолдауымен Атығай асуының маңында ашылмақ. Шаруа қожалығы жетекшісінің айтуынша алдағы уақытта төрт түліктен бөлек қаз, үйректер де сатылымға шығады.