Азаматтық қоғам рөлінің күшеюі, өзін-өзі басқару тетіктерінің жандануы, ұлттық қоғамдық сенім Кеңесі сияқты органдардың пайда болуы. Міне, осынау маңызды қадамдар арқылы қоғамды демократияландыру процестері жүзеге асырылуда. Осылайша, қайта құрулардың нәтижесі сайлауды партиялық емес байқау орталығының құрылуына сеп болды. Бұл ұйым қажеттілігінің бастамашылары Қазақстанның Азаматтық альянсы. Филиалдары елдің барлық өңірлерінде ашылды. Сарапшылардың айтуынша, партиялық емес байқау орталығы қаңтардағы сайлауда өзін тиімді орган ретінде дәлелдей білді. Және мамандар дайындаған бақылаушылар үйлесімді жұмыс нәтижесін көрсетті. Олардың міндеті – сайлау процесінің мониторингі болып табылады. Олар тікелей қатысушылар емес, тек учаскелердегі жағдайдың қалай қалыптасатынын бақылайды. Заң бұзушылықтардың бар-жоғын, сайлау үрдісі халықаралық стандарттарға, Конституцияға және заңнамаға сәйкес келетіндігін анықтайды. Айта кету керек, бұл жауапты міндетке мойынға алмас бұрын жұмыс тобы жіті дайындықтан өтеді. Орталықта мамандарды даярлау сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Бақылаушылар арнайы оқудан өтеді. Дайындық барысында сайлау процесін бақылау үшін қажетті негізгі заңнамалық нормаларды зерттейді. Сонымен қатар, ұйым қызметкерлері олармен әңгімелеседі, тәжірибелерімен бөліседі және маңызды мәселелер бойынша түсініктемелер береді. Сарапшылардың сөзінше, орталықты құру және оның табысты тәжірибесі елде жаһандық бастамаларды іске асыру мүмкіндігі ретінде тәуелсіз байқау форматтарының бірі іске қосылғанынының айқын дәлелі.