Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті мамандары «Азаматтық және қызметтік қару мен оның оқ-дәрілері айналымы қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы аясында қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған шараларды жүзеге асыруда. Тәртіп сақшылары үй-үйді аралап азаматтарға бекітілген ережелерді түсіндіруде. Азаматтық және қызметтік қару мен оның оқ-дәрілері айналымына бақылау жүргізетін құқық қорғау органдары қызметкерлері бекітілген мерзімде тұрғындар арасында осындай тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Үй жағдайында қару-жарақ бекітілген тәртіпте сақталып, дабыл түймелерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Үйдегі азаматтық қаруды құжатына сәйкес тексерген соң облыстық полдиция департаменті мамандары тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Мәселен, қару иесі ұзақ мерзімді демалысқа немесе іс-сапарға баратын болса, жергілікті құқық қорғау органына тапсыруы тиіс. Тұрғындар арасында азаматтық қару-жарақты сақтау тәртібі бойынша сауалдар туындап жатса, облыстық полиция департаментіне жүгінуге болады.