Желтоқсан оқиғасында бостандыққа ұмтылып, қыршын кеткен боздақтардың бірі Сәбира Мұхамеджанова ақталды. 1986 жылы Сәбирамен бірге тәуелсіздікті талап еткендер де, арада 35 жыл уақыт өткеннен кейін ғана жазықсыз деп танылды. «Саяси қуғын-сүргіндер құрбандары» құжатын алған азаматтар жайлы...1986 жылы Алматыдағы тәуелсіздік үшін бас көтерген жастарды қолдап, Өскемендегі алаңға жиналған студенттердің көшбасшысы Сәбира Мұхамеджанова еді. Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылындағы мектепті тәмәндап, Өскемендегі колледждердің біріне бар-жоғы 16 жасында оқуға келген қаһарман қызды құрбысы Әсел Қанапина былай деп еске алды. Колледж мұрағатындағы деректерде Сәбира Мұхамеджанованың өзге жастармен алаңға шыққаны және 26-шы желтоқсан күні өзі тұратын жатақхананың бесінші қабатынан секіріп мерт болды деп жазылған. Ал мына суреттегі Бекжан Қамалиев дәл сол Алматыдағы орталық алаңда тәуелсіздік үшін тәуекелге барғандардың бірі. Айтуынша, көтеріліске атымыз шықсын деп емес, сол бір саяси жүйеге қарсы екендігімізді көрсету үшін бардық, – дейді ол. Желтоқсан оқиғасынан кейін айыпты деп танылғандардың ақталғандығы жайлы ресми құжаттарды алу мәселесін көтеріп жүрген, облыстық «JELТOQSAN-86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Рамазанов. Айтуынша, Сәбира Мұхамеджановадан бөлек алаңға бірге шыққан 28 қыз бен 8 жігіттің ресми түрде саяси жүйенің құрбандары деп танылғандығын жеткізді. Қоғамдық бірлестік төрағасы Сәбираны «саяси құғын-сүргіндер құрбаны» ретінде танудың бастапқы идеясы жайлы былай дейді.Шара кезінде Желтоқсанда алаңға шыққаны үшін айыпты деп танылған, Күршім ауданының тумасы Роза Кенжехановаға да «ақтау туралы» ресми анықтама салтанатты түрде табысталды.