Облыс орталығында Халықаралық балаларды қорғау күні кең көлемде аталып өтті. Достық үйінің алаңында бүлдіршіндер үшін мереке ұйымдастырылды. Мұнда келушілер концерттік бағдарламаға қатысып, түрлі байқаулар да бақ сынасты.

Жаз мезгілі мерекемен басталды. Ұйымдастырушылар балалар мен олардың ата-аналары үшін шығармашылыққа, әуенге, ойындар мен жарқын эмоцияларға толы танымдық концерттік-ойын-сауық бағдарламасын дайындаған.

Равиль Юнусов, ШҚО Достық үйі — қоғамдық келісім орталығының басшысы:

Бүгін бізде Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында жыл сайынғы іс-шара өтіп жатыр. Мұндай шараны Достық үйі мен этномәдени бірлестіктердің белсенділері бірлесе ұйымдастырды. Біз этномәдени бірлестіктердің мерекелерінен бастап, мемлекеттік мейрамдар мен осындай балаларға арналған шараларға дейін жыл сайын тұрақты түрде өткізіп тұрамыз. Өскемен қаласындағы ең танымал орындардың бірі — Достық үйі мен Металлургтер мәдениет сарайының алдындағы алаңда спорттық жарыстардан, интеллектуалдық ойындардан бастап, балаларға сыйлықтар мен жүлделер үлестірілетін ойын-сауық алаңдарын ұйымдастырдық.

Концерттік бағдарламада вокалистер мен хореографиялық ұжымдар өнер көрсетті. Көрермендерді Қуаныш Салауат, сондай-ақ «Еркетай», «Непоседы», «Ақтолқын» және «Арабесік» ансамбльдері өз өнерлерімен тәнті етті.

Ирина Тёмина, педагог:

1 маусым — өте маңызды күн. Балаларды қорғау күні. Бұл — біз педагогтер мен тәрбиешілер ретінде тәлім беріп жатқан өскелең ұрпақ. Біз балаларды табиғатпен таныстыруға тырысамыз, қауіпсіздік ережелері туралы, жалпы олардың өрісін кеңейту үшін түрлі іс-шаралар жайында айтып береміз.. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Балаларға жарқын болашақ, тамаша жаз айларын және уақытты көңілді өткізуді тілеймін.

Балаларға арналған қызықты ойындар, оның ішінде сабын көпіршіктері шоуы көпшіліктің көңілінен шықты.

Шара соңында балаларға шағын сыйлықтар мен балмұздақтар таратылды.

Кәусар Идаятқызы