Президент Жолдауында экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына аса тоқталды. Сонымен қоса, халыққа жол тартқан бағдарламалық құжатта Президент ел ертеңі жастардың мәселесін тілге тиек еткен болатын. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі деп атап өтті. Соның ішінде студенттер үшін өзекті болып отырған жатақхана мәселесін шешу бағытында бірқатар тапсырмалар берді. 

Қазақстанның жастары – елдің басты байлығы. Президент өз Жолдауында алдағы уақытта өскелең ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз етіп, барлық жағынан қолдау көрсету маңызды екеніне тоқталды.  
 
Президент Жолдауында атап өткен жатақхана мәселесі облыста кезең-кезеңімен біртіндеп шешілуде. Қаладағы оқу орындарының біріндегі жатақхана құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Алдағы уақытта оқу ғимараты болып тұрған нысанда қосымша жатақхана ашылатын болады. 
 
 «Президент Жолдауы – жарқын болашаққа бағдар», - дейді жастар. Студенттер әсіресе білім алудың қолжетімділігін ерекше атап өтті. 
 
Мемлекет басшысы Жолдауында жатақхана мәселесі мемлекет мойнындағы жауапкершілік ретінде қала беретінін айтты. Осы орайда жеке меншік жоғары оқу орындарындағы жатақхана құрылысына мемлекет тарапынан қолдау жасалатыны да орынды. Бүгінде жастардың алдында үлкен міндеттер тұр. Президенттің балаларға 18 жасқа толғанға дейін арнайы шот ашып, оның алдағы уақытта сапалы білім алуына мүмкіндік беру туралы ұсынысы болашаққа жасалған капитал. Бұл көп отбасы үшін үлкен жеңілдік.