Облыста отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы рейд жұмыстары тұрақты түрде өткізіледі. Учаскелік полиция қызметкерлері есепте тұрған отбасыларды апта сайын  аралап, оларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 
 
Жыл басынан бері Өскемен қаласында 3 154 отбасылық жанжал тіркелген.  Олардың 350-ге жуығына  қорғау нұсқамасы шығарылды. Ал 621 адам 461 бапқа сәйкес, қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін бақылауға алынды. Тұрғылықты жерлері бойынша тексеру жұмыстары үнемі жүргізіледі. 
 
Өкінішке қарай, тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды. Уақыт созбай, барлығын дер кезінде тиісті органдарға хабарлау қажет, деп өкінді мұндай қорлыққа ұшыраған жан. 

Учаскелік инспекторлар есепте тұрған адамдарға аптасына бірнеше рет барады. Зорлық-зомбылық өз алдына тек жәбірленушілердің құқықтарын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін теріс үлгі болатынын ескерсе, дейді мамандар. 

Отбасындағы ұрпақ тәрбиесі еш уақытта қоғамды бейжай қалдырған емес. Сол себепті әрбір азамат зорлық-зомбылыққа жол бермеу керектігін есте ұстағаны абзал.