Облыста 1-қыркүйектен бастап суға шомылу маусымы ресми түрде жабық деп жарияланды. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаментінің жауапты өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, қорытындылады. Биыл 14 адам, соның ішінде екі бала суға батудан құтқарылған. Сондай-ақ, жылыту маусымының алдында, мамандар жер үйлерді аралап, 13 292 аулалық тексеру ұйымдастырды. 

Жазғы суға шомылу маусымы кезінде құтқарушылар тарапынан 2340 рейд жұмыстары жүргізілген. 304 ескерту мен тыйым салу белгілері, 130 көрнекі стендтер қойылған. Самар, Күршім мен Көгілдір бұғаз ауылдарында тұрғындардың жағажайда алаңсыз тынығуларын қамтамасыз еткен мобильді бекеттер жұмыс істеді. Патрульдік қызметті күшейтудің арқасында судағы өлім-жітім көрсеткіші айтарлықтай төмендеген. 

Суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін ескермеудің соңы қайғылы жағдайларға әкеп соққан. Мұндай келеңсіздіктер болуының өз себептері бар. 

Облыстық мәслихат сессиясының шешімімен шомылуға тыйым салынған 116 учаске мен шағын қайықтар тағы да басқа да су көлігімен жүзуге болмайтын 31 аумақ белгіленген. Адамдардың жазғы жаппай демалу орындарында 189 құқықбұзушылық анықталды. Сондай-ақ департамент мамандары  жер үйлерді аралап, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша тексеру жұмыстарын өткізді.

Өрттің алдын алу іс-шараларын күшейткен қызметкерлер тұрғындарға үйлеріне иіс тиюден сақтау қызметін орындайтын арнайы датчик орнатуды ұсынады. Төтенше жағдайлар департаментімен жасасқан меморандум негізінде 2240 датчик бөлініп беріліп, барлығы аудандар мен қалаларға жіберілген. Күн суытқанға дейін арнайы құрылғылар жер үйлерге орнатылады.