Дүниежүзілік тазалық күні. Шығысқазақстандықтар дәстүрлі бүкіләлемдік  сенбілікке қатысты. Мақсат – экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу.

 «Бірге таза Қазақстан!» экологиялық жобасы аясында облыс орталығында сенбілік өтті. Шара қоршаған ортаны ластаудан сақтауға бағытталған. Табиғатты аялап, айналаны қорғау басты мақсат. Облыс орталығының бірнеше білім беру мекемелері іс-шараға белсене қатысты. 

Қала тазалығы әрбір тұрғынға тікелей байланысты. Қоғамдық орындар мен демалыс нысандарында қоқыс тастамай, өзін-өзі мәдениетті ұстау қаланың ластанбауының кепілі. Айналаны көркейту шағын аулалардың тазалығынан басталады.

Мұндай сенбілік жұмыстары тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және қаланың  санитарлық жағдайын жақсартуға тигізер ықпалы мол. Ал, мектеп қызметкерлері барынша атсалысып, үрдіске айналған игілікті іске үлес қосуда.