Шығыс Қазақстан облысында жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы басталды. Енді облыстың бастауыш сынып оқушылары қауіпсіздік  ережелерін қызықты және әдеттен тыс түрде үйренетін болады. Бұған мұрындық болған әдеттегідей «КазЦинк» ЖШС компаниясы.

Облыстағы 42 мыңға жуық бала қауіпсіздік ережелері жазылған жарқын парақшаларға ие болады. Бұл облыстағы барлық бастауыш сынып оқушыларына қатысты. Жыл сайынғы акцияның ұйымдастырушысы дәстүрлі түрде «КазЦинк» компаниясы болды. Акцияның мақсаты – балардың бақытты болашағын бірінші орынға қою.

Көше қиылыстары мен жолдағы өткелдер, тұрғылықты жері, көлік тұрағы, гараждар бір сөзбен айтқанда бүкіл жүріп өтетін жолын бейнелей алады. Бала ата-анасымен бірге түрлі-түсті қарындаштармен немесе қаламдармен өзінің жол картасын қағазға түсіре алады. Бұл акция балалардан бастап, мұғалімдерге дейін ұнады. Өйткені, флайер толтыру балаларға ойын сияқты болса, ұстаздар мен ата-аналар бұл кітапшаны балаларға маңызды ақпаратты барынша қызықты етіп жеткізуге тамаша көмекші деп санайды.

Тәртіп сақшылары да мұндай шараның оң нәтиже беретінін атап өтті. Құр сөзбен дәріс оқығаннан гөрі, есте қалатындай шара етіп өткізсе, әлдеқайда танымды әрі пайдалы ақпарат болады.

Алғашқы парақшалардың иелері облыстық мамандандырылған ІТ мектеп-лицейінің оқушылары болды. Балалар басып шығарылған кітапшалармен қызыға танысып, парақшаларды толтыру кезінде бар ықыласпен қарауға уәде берді. Әлі кішкентай болса да, олардың әрқайсысы жол ережесін білу өз қауіпсіздігі үшін өте маңызды екенін толық түсінеді.

Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, шара оқушыларға жай ғана ескерту, жол картасын қағазға түсіру ғана емес. Сонымен қатар бұл бүкіл отбасы үшін қызықты өзара байланыс, бірге уақыт өткізу. Яғни, әр жанұя үшін пайдалы шара болары сөзсіз.