Шығыс Қазақстанда Мемлекет басшысының жақында Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалар аясында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша үлкен жұмыс жалғасуда. Тілшіміз жер пайдаланушыларға нені біліп, ескеру керектігін, бүгінгі таңда аймақтағы жер телімдері жөнінде жағдай қандай екенін біліп көрген еді.

2022 жылдың мамыр айында өңірде облыс әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша ведомствоаралық топ құрылған болатын. Оған жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қалалар мен аудандардың әкімдері, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарының, прокуратураның, полиция және әділет департаменттерінің қызметкерлері кірді. «Amanat» партиясы да жұмыс жүргізуде, онда пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша комиссия құрылды.

Бүгінгі таңда облыстың қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдары 20 мың гектардан астам пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін анықтады. 5 мың гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды. Міндетті тұрғындар 0,3 мың гектар алқап жерді пайдалануға кірісті. Ал, 15 мың гектардан астам жер бойынша материалдар жергілікті атқарушы органдардың қарауында жатыр.

Биыл жер ресурстарын басқару департаменті 82 тексеруді тіркеген, оның 79-ы аяқталды. 256 мың гектар жердің 68 мың гектары пайдаланылмайды. 

Егер жер пайдаланушы ештеңе істемесе және жер телімі ешқалай пайдаға асырылмаса, онда ол сот тәртібімен алынады. Ол аздай жер учаскесі тартып алынған жер пайдаланушы үш жыл ішінде жаңа жер ала алмайды. 2022 жылдың соңына дейін мемлекеттік меншікке кемінде 100 мың га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарлануда. 50 мың гектардан астамы қайтарылған. Жұмыс жалғасуда.