Соңғы кездері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі көпшіліктің сынына ұшырауда. Емделушілердің мемлекеттік емханалардағы ұзақ кезек күтуі мен қызмет сапасының төмендігі туралы шағымдары жиі айтылады. Қазақстандықтар дәрігерлердің ақылы қызметтерін жиі пайдаланса да, бүгінгі күнге дейін медициналық сақтандыру қорына арнайы қаржы бөлінуде. Бұл жайында Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы негізгі проблемалар мен оларды шешу жолдарын айтқан болатын.

Президент денсаулық сақтау саласындағы реформаларға қарамастан, бұл салаға көп жаңа бастамалар қажеттігін айтады. Мемлекет басшысы атқарылған жұмыстардан көңіл көншітетін қорытынды болмағанын негізге ала отырып, медициналық сақтандыру озық үлгіде қалыптаспағанын тілге тиек етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке денсаулық сақтауды және тұтастай алғанда әлеуметтік саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарауды тапсырды. Медициналық инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы кешенді жақсартуға ерекше назар аудару қажет.

Кемшілік ШҚО-да да бар. Аймақта МӘМС жүйесінде тіркелгендер арасында түрлі талаптарды бұзушылықтар бар. Оны филиал қызметкерлері мониторингілеу барысында анықтаған. 
 
Жолдауда денсаулық сақтау саласы негізгі бағыттардың бірі. Бұл сала бойынша мәселелерді жаңа сын-тегеуріндерге сәйкес шешуге бағытталған алғышарттар медицинаны жоспарлы дамытудың негізіне айналдыру көзделген.