Шығыс Қазақстанда 28-29 қыркүйекте қатты жауын-шашын мен жел күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» баспасөз қызметі. 29 қыркүйекте облыстың солтүстік-батысында тұман. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде, шығысында 5 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылыға дейін күрт төмендеп, одан әрі суиды деп күтілуде. Мұндай кезде ғимараттар мен құрылыстар нысандарының әлсіз нығайтылған элементтерінің құлап кетуі, көлік қозғалысының қиындауы, көрудің нашарлауы оқыс оқиғалардың негізгі факторлары болуы мүмкін. Жаяу жүргіншілерге көшелер мен жолдарды кесіп өту кезінде мұқият болу керектігі ескертіледі. Ал, көлік жүргізушілері жол жүру ережелерін, жылдамдық режимін және қашықтықты қатаң сақтау керек. Әсіресе, балаларды ерекше бақылап, қараусыз қалдырмаған абзал. ШҚО ТЖД халықты сақтық шараларын сақтауға шақырды.