Әрбір мемлекет қоғамында мүмкіндігі шектеулі білім алып, тәрбиеленуде. Олар белгілі бір ортаға, қоғамға тәуелді. Көру қабілеті бұзылған балаларға оқу процесін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс. Соған қарамастан, төтенше жағдай қызметінің құтқарушылары балаларға арналған қауіпсіздік сабағын өткізді. 

Мүмкіндігі шектеулі бала мектепке алғаш келген кезде бірқатар қиыншылықтарға тап болады. Бұл қиындықтар қатарына өз-өзіне қызмет етуінің төмендігі, не мүлдем болмауы, ортаға тез бейімделмеуі сияқты себептер жатады. Осы орайда қаладағы нашар көретін балаларға арналған №14 мектеп-балабақшасында құтқарушылар қауіпсіздік сабағын өткізді. Жер сілкінісі мен өрт қаупінің алдын алу үшін қандай ережелерді сақтау керектігі айтылып, егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мектепке дейінгі кезеңде көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуға арналған оқыту-кешендерінің болуы шарт. Сондай оқыту кешендері үнемі ұйымдастырылып отырған жағдайда, мұндай топтағы балалар мектеп табалдырығын аттаған кезден бастап ортаға бейімделуі жақсарып, қауіпсіздік шараларын сақтау талаптарын біліп жүрмек.

Арнайы дайындық сабақтары өткен нысан іші өте күрделі әрі дәліздері ұзақ болғанымен, жеке құрам мен педагогтар қойылған міндетті орындап, балаларды ескертусіз эвакуациялады. Сабақты бекіту барысында оқушыларға ережелері бар жадынамалар таратып, құтқарушылар оқушылардың сұрақтарына жауап берді.