Жаңа маусымда ерекше қойылымдар. ШҚО драма театрының орыс труппасы 87-ші маусымын А. Островскийдің «Қасқырлар мен қойлар» спектаклінің премьерасымен ашты. Жаңа жігер, ерекше құлшыныспен оралған театр әртістері көрермендерді тамаша әсерге бөлеуге асық.
Өткір әзілге толы комедияны бірінші болып облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов, БАҚ өкілдері, блогерлер тамашалады. Театр маусымының ашылуына арналған «Қасқырлар мен қойлар» спектаклінің премьерасы жоғары деңгейде өтті. 1 жарым сағатқа арналған қойылым көрермендердің көңілінен шығып әртістер халықтың ыстық ықыласына бөленді.
Александр Островский «Қасқырлар мен қойлар» пьесасын 1875 жылы жазған. Сол жылы 8 желтоқсанда алғаш рет Санк-Петербургте қойылды. Островскийдің жаңашыл ұмтылысы оның сатиралық комедиялары мен психологиялық драмаларында ерекше байқалады.