Ұлттық банктің ШҚ филиалы номиналы 20 мың теңгелік банкноттардың қолданысқа енгенін хабарлайды. Жаңа банкнота бұған дейін шыққан «Қазақ елі» сериясымен айналымға енгізілді. Ал 2006 жылғы банкноттарды жаңасына айырбастау процессі әлі де жалғасып жатыр.
Бұрын «Қазақ елі» деген сериямен шыққан 500, 1000, 2000, 5000, 10 000 теңгелік номиналдардың қатарына биыл Ұлттық Банкі 20 000 теңгелік банкнотты айналымға шығарды. Банкнот айналымдағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде жасалған. Мысалы, бет жағындағы және номиналдың голографиялық бейнелері тігінен, сырт жағында көлденең орналасқан. Металсыздандырылған жолағы бар.
Ұлттық банк былтыр мамырдың 24 нен бастап 2006 жылғы шыққан банкноттарды айырбастай бастады.
Сондай - ақ, Ұлттық Банк 2020 жылы 28 қаңтарда жаңа үлгімен шыққан 200 теңгелік монеталарды айналымға шығарды. Дегенмен, айналымда қазіргі уақытта номиналы 200 теңгелік банкноттарда жүргенін айта кету керек.Аталған екі банкнот төлем құралы болып саналатынын еске сала кеткен жөн. Себебі, тұрғындар 200 теңгелік банкнотты төлем құралы ретінде қабылдаудан бас тартып жатқан кәсіпкерлік нысандары бар екенін айтып шағымдануда. Ал мамандар мұндай әрекет заңға қайшы екенін айтады.
ҚР аумағында айналыста бар ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тарту «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР кодексінің 206 – бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.Келеңсіз жайтқа тап болсаңыз, бірден номиналды баст тарту себебі түсіндірілген жазбаша түсініктеме талап етіңіз. Немесе тиісті шараларды қолдану үшін Ұлттық Банктің Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 3мекенжайына және www.nationalbank.kz сайтына жүгіну қажет.