Қалада 2016 жылдан бастап оңалту орталығы жұмыс істеп келеді. Орталық аурудың асқыну қаупін азайтуға және күнделікті өмірге тезірек оралуына септігін тигізеді. Медицина мекемесінің көмегіне бүгінге дейін 22 350 науқас жүгінген.
Оңалту орталығы ашылғаннан бері мұнда барлығы 22 мыңнан астам науқас емделді. Оларға күтім жасаудан басқа, дәрігерлер науқастың туыстарын оқыту бойынша күнделікті жұмыс жүргізеді. Орталықтың білікті мамандары жүйке жүйесі, сезім мүшелері, тірек қимыл қозғалысы нашарлаған адамдарды емдеу ісімен айналысады. Ем алушыларды рухани сауықтырудан бөлек, физикалық, психологиялық көмек көрсетеді.
Орталықта емделушілерге барлық жағдай жасалған. Мұнда, тек дәрі-дәрмектерді қабылдау ғана емес, сауықтыру жаттығуларын жасайтын залдарда жұмыс істеп тұр.
Орталықтың көмегіне жүгінген азаматтардың саны үш есеге артқан. Бұл сапалы медициналық қызметтің көрінісі,дейді мамандар.
Оңалту орталығының емделушісі Людмила Цымбалованың айтуынша, мұнда келгелі бері жағдайы жақсарған.
Орталық бүгінгі таңда қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған.Ал дәрігерлер біліктілікті арттыру курстарынан тұрақты түрде өтіп отырады.