Эксклюзивті көліктер топтамасы. Өскемендік Евгений Нищенко 1978 жылдан бастап бірегей машина түрлерін жинақтай бастаған. Коллекционер келесі жылы 45 жылдық мерейтойын атап өтпек. Евгений Нищенконың коллекциясында қазіргі таңда ерекше үлгідегі темір тұлпарлардың 3 353 данасы бар.
Мына бөлмені құдды бір музей дерсіз. Жоқ, бұл Евгений Нищенконың пәтері. Алғашында бұл бастамасы жай ғана қызығушылықтан басталған. Бүгінде қызығушылығы сүйікті ісіне айналған. Нәтижесінде, міне осындай әдемі топтама пайда болған. Маркасы көпке белгілі машина үлгілерін ол 1:43 масштабына салып, арнайы қорабшада сақтайды. Әр автокөліктің өзіндік тарихы бар және баға жетпес құнды дүние, дейді Евгений Нищенко. Темір тұлпарлардың үлгісін ол Германия, Франция, Ресей, АҚШ елдерінің 200-ден аса өндірушілерінен арнайы тапсырыс беріп жасатады. Бағасы 20 доллар мен 1500 доллардың арасында.
Евгений Нищенко барлық ғұмырын автокөліктерге арнаған. Тіпті, мамандық таңдауда бұл жолдан алыстамады. Ол жол құрылыс институтының инженер-механик мамандығын тәмамдаған. Кейіпкеріміз әр көлігін өз баласындай көреді. Әрқайсысы өзінше ыстық, дейді. Сыйға бересіз бе немесе сатасыз ба деген сауалға...
Евгений Нищенконың ерекше топтамасы көптің назарын өзіне аудартуда. Коллекционер болашақта жеке көрмесін ұйымдастыруды да жоспарлап отыр.