Өңір пайдалы қазбаларға бай. Бұл шығысқазақстанда тау-кен өнеркәсібі саласының қарқынды дамуына жол ашты. Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған өндіріс орындары бұған дәлел. Аталған бастама аясында қызметін бастаған мекемелердің бірі-Күршім ауданындағы мыс шығаратын зауыт.
Кәсіпорын 2003 жылы алғашқы қызметін бастады. Ал жақында өндіріс орны мерейтойлық 100 тонна мыс концентратын шығарды. Тау-кен кәсіпорынының негізгі атқаратын қызметі - бизнесті дамытудың стратегиялық бағыттарын әзірлеу және іске асыру, азаматтарды жұмыспен қамту.
Катодты мыс өндірудің көлемін арттыру үшін кәсіпорын 5-ші және 6-шы алаңдарда ауқымды құрылыс жұмыстарын бастады. Кен өндіру учаскесінің аумағында геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі. Ал содан кейін екінші солтүстік-шығыс карьерін игеру басталады.Мұндағы болжамды сульфидті кен ресурсы 2 млн тонна. Ал, қайта өңдеу цехының бас ғимаратындағы өндірістік қуатты 50 пайызға дейін арттыру мақсатында негізгі құрал-жабдықтарды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.