Елімізде қоғамға пайдасын тигізіп, өздері таңдап алған саланың дамуына атсалысып жүрген қарапайым адамдардың еңбегі жоғары бағалананды. Сондай отбасылық династиялардың бірі – қала жұртшылығын ауыз сумен қамтамасыз ету жолында «Өскемен-Водоканал» мекемесінде тынымсыз еңбек етіп келе жатқан Шульга отбасы. Отбасы мүшелері бүгінгі саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық парыздарын орындап, өз таңдауларын жасады.

Жанұясымен бір ұжымда еңбек етіп жүрген Шульга отбасының мүшелері бүгінде атадан балаға мирас болып келе жатқан кәсіптің қыр-сырын меңгерген. Су құбырлары желісінде туындаған олқылықтарды түзетіп, елге қызмет көрсетуде. Мамандар тіршілік нәрімен көпшілікті қамтамасыз етудің өзі үлкен жауапкершілікті талап ететінін айтады. Сондай-ақ, ел тағдыры шешілетін сәтте азаматтық танытып, конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда да үлкен жауапкершілікті сезінуде.

Біздің қоғамда мемлекеттің кішкентай бөлшегі ретінде әрбір отбасының орны бөлек. Сондықтан аға буын мен өскелең ұрпақ арасындағы сабақтастық жалғасып, әдемі жарасыдылық тапқан. Мұны мерекеге ұласқан саяси науқан кезінде де көруге болады.

Ал сайлауға бірінші рет қатысып, дауыс берген Аружан Ержанқызы толғанысын жасырмады.

Саяси науқан - мемлекетіміздің келешегін айқындайтын, маңызды сәт. Кезектен тыс Президент сайлауына қатысу арқылы әркім өз таңдауын жасап, ел тағдырын сенімді қолға тапсыруға қадам жасайды.