Бүгінгі қарттар - кешегі еңбеккерлер, бүгінгі қоғамның дамуына кезінде саналы ғұмырын сарп еткен, сан жылдар еңбек өтілін арнаған азаматтар. Болмысы қайрат пен жігерге толы, күш-қуаты мол кезде, жастық шағын еліміздің гүлденуі мен өркендеп, дамуына арнап, маңдай терін төккен жандар. Қазірдің өзінде қартайса да, қайраты қайтпаған белсенді қарттар көп. Олар көпке үлгі.

Осылайша әуезді әнге салған - Марат Данияров қазір 85 жаста. Қыркүйек айында 60 метрге жүгіруден спартакиадада 1-орын иеленген. Қария мұнымен тоқтамаймын, дейді. Алдағы жарыстардан да жоғары көрсеткішке жетуге ниетті екенін де жасырмады.

Түсірілім барысында зейнет жасындағы спортшылардың жаттығу сәтіне куә болдық. Барлығы тың, денсаулығы мығым. Көбі қартайған шағының өзінде әрбір игілікті істердің бастауына қолұшын беріп, қолдау көрсетіп жүргендер. Көп істің басы-қасында болып, ақыл кеңесімен бөлісуде. Сондай ерекше жанның бірі- Мұхамедолла Ағзамов.

Иә, қартайса да, қайраты қайтпаған белсенді қарттарымыздың өскелең ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.