Мүмкіндігі шектеулі жандар – рухы мықты жандар. Өскеменде аталған санаттағы азаматтарға арналған спорт клубы 7 жылдан бері жұмыс істейді. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар 200-ге жуық адам белсенді түрде спортпен шұғылдануда. Спорт клубының тыныс-тіршілігі жайлы келесі бейнематериалда.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы 2015 жылдың қаңтар айында ашылған. Ерекше қажеттілігі бар азаматтар арасында бұқаралық спортты дамыту ұйымның басты міндеттерінің бірі. Сондай-ақ, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу үшін кіл мықты спортшыларды іріктеу де ұйымның негізгі мақсаты. Бүгінде бұл мекеме бірнеше бағытта жұмыс істейді.

Жеті жылдың ішінде мұндағы спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Клуб қатысушыларына еңбек сіңірген спорт шеберлері атақтарынан бастап, халықаралық дәрежедегі, спорт шеберлігіне үміткер атақтары берілген.

Өскемендегі алғашқы жарыс 2016 жылдың тамыз айында өткен көрінеді. Иппотерапия бұл бұлшық еттің қозғалысын біртіндеп қалыпқа келтіруге көмектеседі. Нәтижелері өте жақсы. Иппотерапиямен шұғылданатындардың 95% оң нәтижеге қол жеткізген.