Үкімет «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын мақұлдады. Оқу-ағарту министрінің айтуынша ауқымды бағдарлама үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін толық шешуі тиіс. Осы мақсатта 2025 жылға дейін 400-ден аса мектеп салынбақ. Ол үшін бюджеттен 2 трилион 600 миллиард теңге қарастырылмақ. Әрі құрылысқа, жемқорлардан өндірілген ақша да жұмсалады дейді министр. Айтуынша соңғы 10 жылда оқушы саны 1 миллионға артып, 3,5 млн-ға жеткен. 800 мыңнан аса оқушы үшін қазір орын тапшы. Мәселені шешу үшін салынатын жайлы мектептердің қазіргі білім ордаларынан айырмашылығы көп.