Айтып келмейтін апаттан аман алып қалды.  Өскемендік Андрей Ильенков өртеніп жатқан үйден 74 жастағы қала тұрғынын құтқарған. Оқыс оқиға Бажов көшесіндегі жер үйлердің бірінде тіркелген. Өртке оранған үйді қала тұрғыны кездейсоқ көріп қалған.Ол ойланбастан бірден жанып жатқан үйге кіріп, кейуанаға көмек көрсеткен.
Қызыл жалын шарпыған тұрғын үйдің шатыры, жиһаздары, тұрмыстық техникасы мен жеке заттары жанып кеткен. ТЖД қарт әйелді өрттен аман алып қалған жігітті тауып, алғыс айтты. Себебі, Андрей Ильенков өрт сөндірушілер келгенше, жапа шекен кейуанаға алғашқы көмек көрсеткен. Ол кездейсоқ қою қара түтінді байқап, сол маңда тұратын көршісі Николай Соломаевты оятып, екеуі өртеніп жатқан үйдің терезесін сындырған. Үй иесі 1948  жылғы кейуананы ұйықтап жатқан жерінен оятып, терезе арқылы сыртқа алып шыққан. Осылайша, бейбіт күннің батырлары оның өмірін құтқарып қалды. Алайда, екеуі өздерін батырмыз деп санамайды. Біздің  орнымызда басқа адам болса, олар да дәл солай істер еді, дейді.
Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайтын жалынды сөндірген.  Қызыл жалынды ауыздықтауға 8 адамнан құралған жеке құрам мен 2 техника жұмылдырылды. Мамандар төтенше жағдайға жылыту маусымында сақтық шараларының сақталмауы себеп болған дейді.