Биыл 1 қаңтардан бастап елде отбасының цифрлық картасы іске қосылды. Жаңа жүйеде мемлекеттік органдардың барлық дерекқоры жинақталған. Енді азаматтар бұрын кезек күтіп сарылып, бірнеше бөлімнің табалдырығын тоздырып жүріп алатын қызметтерді бір жерден рәсімдей алады. Бастаманың әлеуетке бер пайдасы қандай ?
Енді елде әр отбасының жеке цифрлық картасы болады. Онда белгіленген көрсеткіштер негізінде отбасының әлеуметтік жағдайы анықталып, мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Жоба елдегі жанұялардың әл ауқатын автоматты түрде анықтауға және мемлекеттік кепілдіктерді белсенді ұсынуға мүмкіндік береді.
Егер де әлеуметтік қиындық туындаған жағдайда азаматтар  жәрдемақы немесе әлеуметтік төлемді проактивті түрде алу үшін арнайы бөлімнің көмегіне жүгіне алады.
2023-2024 жылдар аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктерінің қызметтері кезең-кезеңімен осы форматқа ауыстырылмақ. Жалпы 2025 жылы азаматтарға, отбасыға қатысты мемлекеттік қызметтерді осы форматқа ауыстыру жоспарланған.