Өскеменде семсерлесу спортымен айналысып жүрген жастар жетерлік. Ерекше спортты серік еткен жандардың жеткен жетістіктері де аз емес. Әлемдік додаларды бағындыру тек уақыттың еншісінде,дейді олар.
Қазақ батырларының басты ұрыс құралы саналатын семсерлесу өнері бүгінде спорт саналады. Ереже енгізілді, құрылым жасалды, арнайы әдіс-тәсілдері бекітілді. Қазақстанда семсерлесу өнері 1939 жылыдан даму кезеңіне аяқ басты. Дәл осы жылы республикалық алғашқы біріншілік ұйымдастырылды. Уақыт өте келе ел мықтылары Азия, әлемдік сындарда бой көрсетті. Семсерлесу спортында ереже қатал. Одан бөлек, жылдамдық пен ептілік қажет жетістікке жетемін деген жанға. Қазіргі таңда аймақта семсерлесу өнерін дамыту қайта қолға алынған. Үйірмелер ашылды, білікті мамандар дайындалды, жастар тартылды. Иә, жастар спорттың осы түріне қызығады.
Аружан Нұрмаханова Өскеменнен шыққан спортшылардың деңгейі өте жоғары дейді. Ерлік спортын серік еткен ол шығыста шын мықтылар көп дейд.,Қазақстанда бұл спорт кенжелеп тұрғанымен аймақта ауыз толтырып айтарлық деңгейде дамыған. Бұған өзімен бірге жаттығатын қатарластарымның жеткен жетістігі дәлел.

Осы спортты серік еткен жастар семсерлесуді шеттен келген өнер деп ойлау қате,-дейді. Бұл спорт керсінше бізден тараған деген пікірде. Бұған ата-бабамыздың ұланғасыр жерді дәл осы семсер, қылыштың арқасында жаудан алып қалғаны дәлел.
Шығыстағы семсерлесу мектебінің республика деңгейде үздік атануы білікті бапкерлердің арқасы. Жаттықтырушылар шәкіртерінің физикалық бабынан бөлек, психологиялық дайындығына да баса мән береді. Өз спортшыларын тату бір отбасыдай қылып тәрбиелегенді жөн санайды. Жіберген қателіктерін байыппен түзетіп, ақыл-кеңестерін аямайды. Қол астында жаттығатын оқушылары ұрыс алаңына шыққанда, спортшы күйін өздері кешкендей сезінеді екен.