2025 жылға дейін облыста 40 мың гектардан астам алқапта 200 миллионға жуық ағаш отырғызу жоспарланған.Ал биыл орман иеленушілермен 1537 гектар ауданға ағаш отырғызу көзделген.
Жыл сайын орман және табиғат қорғау мекемелерімен Президенттің орман алқаптарын ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жасыл желектің көлемін арттыру жұмыстары жүргізіледі. Биыл жоспар бойынша орман иеленушілермен 1 537 гектар аумаққа ағаш отырғызылмақ. Бұл жыл сайынғы көлемінен 3 есе артық.
Айналаға көрік беріп, тыныс алып жүрген ауамызды тазар¬тып тұратын тіршіліктің көзі – жасыл желек екені баршаға аян. Қаладағы саябақтарда, көшелерде ағаштар мен шыршалар отырғызылады. Алай да, оның күтіміне баса мән берілмей, салдарынан өспей, қурап қалатыны жасырын емес.
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға жанашырлық көзқарас таныту адамзаттың басты борыштарының бірі. Сондықтан облыс орталығын көгалдандыру жұмысымен айналысатын мекемелер, өз қызметтерін жүзеге асыруда білікті мамандарды тарта отырып, жасыл-желек аумағын кеңейту жұмыстарына шақырса деген тілек білдірді орман шаруашылығы мамандары.