Өскеменде шығысқазақстандық жазушы Марат Қабанбайдың мерейтойына орай теңдесі жоқ виртуалды жоба іске қосылды. Қалың көпшілік енді автордың танымал шығармаларымен етене таныса алады.

Биыл жазушы Марат Қабанбаевтың туғанына 75 жыл. Ол ЮНЕСКО-ның балалар кітабы жөніндегі халықаралық кеңесі беретін Ганс Кристиан Андерсен  атындағы халықаралық сыйлыққа ие болған қазақстандық алғашқы жазушы. Балалар мен жасөспірімдер арасында өзіндік өрнегі бар тың туындылармен  жұртшылықтың көңілінен шыға білген  жазушының шығармалары бүгінгі таңда жаңашылдығымен ерекше. Автордың ең танымал туындыларының бірі «Арстан, я и виолончель» шығармасына виртуалды саяхат жасалды.
Бұл әдеби виртуалды саяхат Марат Қабанбаевтың шығармасындағы кейіпкерді сезінуге көмектеседі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, әдеби шығарма бойынша виртуалды саяхат ересектерге де, балаларға да арналған.