Білімді ұрпаққа білікті ұстаздар. Мемлекет басшысы халыққа арнаған дәстүрлі жолдауында білім жүйесінде түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыру керектігін айтқан болатын. Себебі, бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады. Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы шарт. Ал ол үшін балабақшадағы тәриешілердің біліктілігін арттыру ісі қолға алынуы тиіс. Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Ал аймақта білім саласының мамандарын бәсекеге қабілетті ету жолында қолға алынған шаралар легімен әріптестерім танысып қайтқан еді.
Бәсекеге қабілетті ұрпақ ақалыптастыру жолында ұстаздардың кәсіби біліктілігі маңызды рөл атқарады. Ал білікті мамандарды даярлау ісінде олқылық жасауға болмайды. Себебі, педагогтердің оқытуға арналған бағдарламаның өзі жіті зерделеніп, одан шығатын нәтижеде басты назарда болуы керек.
Мектепке дейінгі білімнің сапасы - табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты.Өскеменде қазіргі таңда педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру ісімен облыс орталығындағы кәсіби даму институты айналысады. Мұндағы оқытушылар өткізілетін әрібір курсқа тыңғылықты дайындалады. Әрі аймақтың әр өңірінен келетін ұстаздардың да сұранысына баса мән беретін көрінеді.
Педагогтар  мұндай курстардан 3 жылда бір рет өте алады. Ұстаздардың біліктілігін арттырғаны туралы сертификаттары бір жүйеге енгізілген.Өскемендегі ұстаздар қауымы  мұндай курстардың педагогтарға берері мол,дейді.
Елде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет.Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың жаңа стандарты қабылданады. Сондай-ақ, ұстаздардың құзырет аясы айқындалады.