Риддердегі жылыту  электр орталығында өткен аптада стратегиялық нысанның отын беретін галереясындағы лента толық жанып кеткен болатын. Осы оқыс оқиғадан соң қазандықтар толық мазутқа көшірілген. Ал кешелі-бері көмір мен мазут қатар жағыла бастады.
Тоңып отырған тұрғынның бірі - Мәулия Дөненбаева. Риддер тұрғындары мәселе тез арада оңды шешімін табады деген сенімде.
Өртенген көмір галереясын қайта қалпына келтіру  аяқталуға жақын.  Ал құзырлы органдар, апат салдарынан туындаған мәселені шешуге бар күш-жігерін алып жатыр.Ал жылыту орталығында тексеру жұмыстары басталып кеткен.
Риддерліктер үшін енді  төлем емес, жылудың үздіксіз берілуі маңызды.Ал жылыту орталығын мемлекет қарамағына алу мәселесі әлі талқыланып жатыр. Өйткені әбден тозған стратегиялық нысанның қазіргі қарызы 2 миллард теңгеден асады.