Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолдардың жабылуы туралы алдын-ала ескертілсе де аймақ тұрғындары қауіпсіздік шараларын елемей жүр. Жол тосқауылдарын айналып өтіп, құқық қорғау органдарының бұйрығына бағынбауда. Дәл осылай тәртіпке құлақ аспаған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қыс - жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін ең қиын кезең. Жаңа жылдың басынан бастап аймақта бір аптадан астам уақыт бойы қалың қар жауды, бұл облыстың барлық жолдарында көлік қозғалысын шектеген еді. Бұл күндері облыс полицейлері жол қозғалысының авариялық учаскелерінде қызмет атқаруды күшейтіп, жолда қалған жүргізушілерге көмектесті. Сондай-ақ күн сайын бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде құқықтық тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына өздерінің және жақындарының өмірін қатерге тікпеуді және қолайсыз ауа райы жағдайында жолға шықпауды ескертіп отырды. Алайда, жол тосқауылдарын айналып өтіп, жолға "шыққандар" да болды.
Мәселен, осы жылдың басында Зайсан ауданының 39 жастағы тұрғыны полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, "Toyota Avalon "автокөлігімен" ауа райы жағдайына байланысты жабылған Омбы-Майқапшағай "республикалық маңызы бар тасжолына шыққан. Жүргізушінің бұл әрекеті полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалмады, ол 16 қаңтарда Зайсан аудандық сотында әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Процесс барысында жүргізуші өз кінәсін мойындаған.
Облыстық Полиция департаменті дауылды ескертулерге байланысты ауа райының қолайсыз жағдайларында көлік жүрге қиын, қалың қарлы жерлермен сапарға шықпай, үйде болып, аса қажеттілік болмаған жағдайда көшеге шықпау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ ТЖД мамандары сапар кезінде жолдарда мүмкіндігінше мұқият болуға, жылдамдық режимін және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.