Өңірдің бишілері  біліктіліктерін арттырып жатыр. Аймақтың өнер ұжымына республикадан келген кәсіби шеберлер модерн және классикалық би негіздерін үйретпек.
Біліктілікті арттыру курсы 4 күнге созылады. Мың бұралған бишілер бидің композициясын, драматургиясын үйренеді. Классикалық және модерн би элементтерін меңгереді.
Айжан Қарымбаева шәкірттерінің кәсіби шындалуына атсалысып жүрген ұстаз. Ол Өскемендегі өнер ұжымының көрермен көзайымына айналуы үшін шеберлік сағатын өткізуге арнайы келген.
Бұл саладада сахна әдебін қатаң сақтау аса маңызды. Көзіқарақты көрермен осыдан-ақ кәсіби биші мен әуесқой бишілердің деңгейін ажырата алады.
Жас биші Анеля Ешмұханбетованың осы салада жүргеніне 4 жылдан асты. Десе де, жан қалауына ерік берген Анеля Ешмұханбетова үшін әрбір қимыл шығармашылық жолындағы дара болмысқа толы.
Мұндай шеберлік сағаттарын ұйымдастыру алдағы уақытта да жалғасын таппақ.