Өскеменде церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған арнайы құралдың жобасы әзірленді. Ерекше күтімді қажет ететін балаларды оңалту ісінде қолданысқа енгізілетін тың бастаманың ерекшелігі неде?
Бұл ғылыми зертханада церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту ісінде болашақта қолданысқа енгізуге бағытталған отандық вертикализатор сынақтан өтіп жатыр.
Вертиколизатор -  ерекше балалардың бейімделуіне қажетті бірегей жабдық. Мұны қолданудың арқасында қан айналымы жақсарады. Сондай-ақ құрылғы ішкі органдардың, соның ішінде өкпе мен бүйректің жұмысына жақсы әсер етеді. Бұлшық еттердің тырысуын бәсеңдетеді, дейді мамандар. Шетелдік өнімнің бағасы 800 мың теңгеден жоғары болғандықтан,  оған бәрінің бірдей қалтасы көтермейтіні анық. Ал, өскемендік ғалымдардың өнер табысы барлығына қолжетімді болмақ.
Жобаның артықшылығы-  баланы арнайы құрылғының көмегімен оңалту жұмыстары жүргізіледі.
Бірнеше айдан кейін отандық өнімнің алғашқы үлгісі оңалту орталықтарының біріне сараптамаға жіберіледі. Сараптама қорытындысынан кейін қандай да бір ескертулер болған жағдайда, кемшіліктер түзетілмек. Содан кейін барып, вертикализатор сатылымға жіберіледі.