Қала тұрғындары қоғамдық көліктердің жүрісіне көңілдері толмайтындығын жеткізуде. Әсіресе, қала ішіндегі ав¬тобустарға қатысты халықтың айтар уәжі көп. Облыс орталығындағы көптеген автобус паркі жаңарғаны¬мен, ескі түйткілдердің түйіні тарқатылмай қа묬¬ғандай.
Қазіргі уақытта қала бойынша 56 бірлік маршрут бар. Оларға 10 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Күн сайын желіге орта есепппен 260 автобус шығарылады. Бұл жоспарлы көрсеткіштің 75 пайызын құрайды.  Қазір қалалық маршруттарда көліктердің 50%-ы 10 жылға дейін, қалған жартысы 10 жылдан 30 жылға дейін қызмет етеді.
Тұрғындардың айтуынша, жолаушылар кейбір автобусты сағаттап күтеді. Соның өзінде келген көлікке сыймай қалатын кездер болады.
Қаладағы автобус мәселесіне қатысты тиісті орындар жауап беріп, жағдайды реттеуге әрекет жасалып жатқанын сөз қылды. Қалалық жолаушылар тасымалын басқару орталығының директоры Нұрсұлтан Кәрібековтың айтуынша, шаһардағы қоғамдық көлік мәселесін кезен-кезеңімен шешу жоспарда тұр.

Айта кетейік, 2022 жылдың 29 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның Заңына қол қойған болатын. Бұл заңның нормалары азаматтық авиация, автомобиль жолдары, теңіз және темір жол көлігі, жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті ұйымдастыру тетігін жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ «Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы – бақытты ел» Жол картасына сәйкес жолаушылардың жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер беру қарастырылған.