Өскеменде волейболдан әйелдер командасы арасындағы Қазақстан чемпионаты 3-туры өтіп жатыр. Жарыста  "Алтай" командасы көш бастап тұр.
Жарысқа 11 команда қатысады. Құрамалардың ешқайсысы осал емес. «Сен көтер мен ұрайынның» амалын жасап бақты. Ретін тапса ешқайсысы жеңісті қолдан бергісі жоқ. Бапкерлер де командаларына дем беріп, соңына дейін қолдау білдірумен болды.
Жарысты көруге келген жанкүйерлер де көп. «Алтай» командасы ортаға шыққанда қол соғып жерлестер қолдау білдіріп отырды.
Жалпы, елімізде волейболға деген қызығушылық жоғары. Жылдан жылға спорттың бұл түрімен айналысатын жастар көбейіп келеді.
    
Чемпионаттың шешуші кезеңі наурыз айында өтетін плей-офф кезеңінде болады. Бұл ойындарда «Алтай» командасы алаңда тағы да мықты қарсыластарымен кездеседі.