Өскеменде белгілі қоғам қайраткері Түсіпхан Түсіпбековтің мерейтойына орай спорт ардагерлері арасында бильярдтан турнир өтті.
Бильярд - ең танымал және қызықты ойындардың бірі. Барлық спорт түрлерінің ішінде ең алғаш әлем чемпионаты ұйымдастырылған  ойын - бильярд. Ең бастысы бильярд ойнында ойыншылар бұлшық еттерін шынықтыру арқылы дәлдік, төзімділік, қырағылық танытулары тиіс. Сонымен қатар, бильярд үлкен интеллектуалдық күш-жігерді қажет етеді. Ойыншы бір мезгілде тактик, стратег және психолог болуы керек. Түсіпхан Түсіпбеков ондаған жылдар бойы бұл спорт түрімен айналысып, чемпионаттарда көптеген жүлделерді жеңіп алған.
Бильярд – қозғалыстағы шахмат. Бұл ойын бұла күш қана емес, кемел ақыл-ойды тоғыстыратын шаршы алаң. Қисын мен қозғалысқа құрылған ойынның қызығы да сонда.
Шығыстың бильярдшылары түрлі деңгейдегі турнирлерде жоғары нәтиже көрсетуде.
Аймақта бұл спорт түрі жылдан-жылға жаңарып келеді. Ал, тәжірибелі бильярдшылар бильярд ойнау мінезді қалыптастырып, табандылық, төзімділік сынды қасиеттерді дамытатынын алға тартады.