Ауған ардагерлерінің жүріп өткен жолы дәріптелді. Өнегелі өмірлері жас буын алдында баяндалды. Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанын насихаттау бұл күні мерекелік сипатқа ие болған.
Жалпы қазақ жерінен ауған еліне 22 мыңнан астам сарбаз аттанған. Олардың 86-ы сол майдан шебінен қайтпады. Қиян-кескі айқас он жылға созылды. Онда батырлық көрсеткен арда азаматтардың ерлігі бұл күні аңыздай айтылып жүр. Қазіргі таңда Шығысқазақстанда 500 жуық ауған ардегі бар. Солардың бірі - Олег Фролов. Елдің амандығынан асқан бақыт болмайды, дейді ол.
Биыл кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл. Оны атап өту жылдан-жылға айрықша қарқын алып келеді. Кездесу барысында ауған ардагерлері мен мектеп ұжымы, оқушылар майдан шебінде қаза тапқан майдангерлерді үнсіздікпен еске алды.
Аталған жиында қарт жауынгерлер ерлігі ерек ерлердің жүріп өткен жолынан әңгіме өрбітті.Оқушылар назарына деректі фильм ұсынылды. Білмігерлер болса аға буын алдында өнер көрсетті. Қойылым қойды. Ән шырқады, би биледі.
Шараның мақсаты жастарға Отан алдындағы борыштың маңыздылығын түсіндіру. Кемел елге айналу жолында тарихтан сабақ алу.