Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күне орай облыстық ТЖД қызметкерлері № 29 қосымша білім беру мектебі орталығындағы «Жас құтқарушылармен» бірлесіп оқушылар арасында жарыс ұйымдастырды. Тартысқа толы бәсекеде кімдер жеңімпаз атанды?
Оқушылар бірден бірнеше кезеңнен өтуі керек еді. Уақытқа жауынгерлік киім мен жеке қорғаныс құралдарын кию, спорттық эстафетадағы түрлі кедергілерді еңсеру, оқу мұнарасының үшінші қабатының терезесіне көтерілу, «шартты жәбірленушіні» тасымалдау және оған медициналық көмек көрсету керек болды. Сонымен қатар балалар «Дартс» нысананы дәл көздеп жарысты. Барлығы 12 команда қатысты.
Мұндай жарыстар арқылы оқушылар практикалық білім алып қана қоймай, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге дағдыланады, дейді білім беру орталығы директорының орынбасары.
Жарыс нәтижелері бойынша, бірінші орынды «№10 ОМ» КММ Жас құтқарушылар командасы, екінші орынды «№4 мектеп» командасы иеленді, үшінші орынды «№29» және «№37» екі мектеп оқушылары тең түсіп, бөліп алды. Барлық жеңімпаздар құтқарушылардан грамоталармен марапатталды.