Диқандар егістік маусымына сақадай сай. Биыл 653,1 мың гектарды құрайтын алқапқты бақша өнімдері, көкеністер, дәнді, майлы дақылдардмен қамту көзделген. Жаз жайлы болса, өнімді де еселеп алудан үмітті. Ауыл шаруашылық басқармасының биылғы жоспарымен арна тілшілері танысып қайтты.
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы аймақта егіс жұмыстарына дайындық жоспарға сай жүзеге асырылып жатқанын айтады. Биыл егістік үшін өткен жылмен салыстырғанда 11 мың гектарға артық аумақ берілген. Түсер өнімді көбейту үшін минералды тыңайтқыштардың көлемін арттыру да көзделген.
Басқарма басшысының орынбасары көктемгі егіс  жұмыстарына қажетті жанар-жағар қоры да жеткілікті мөлшерде бөлінгенін айтады.
Аймақтағы шаруа қожалықтарында тұқым қоры да жеткілікті. Егіс науқаны үшін облыс бюджетінен 4 млрд.теңгеден астам қаражат қарастырылған. Шаруалар наурыздың соңына қарай жерді өңдеп, сәуір айынан бастап тұқым сеуіп, жұмысты бастап кетеміз деп отыр.