Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына өтініш қабылдау басталды. Биыл білім сынына қатысу үшін өтінімдер 1 наурыз бен 30 наурыз аралығында қабылданады. Байқаудың жеңімпаздары еліміздің үздік жоғарғы оқу орындарында тегін жолдама ала алады.
Қатысушылар үшін биыл бірнеше жаңалықтар бар. Біріншісі, олимпиадаға тек 6-сынып оқушылары қатысады. Тағы бір жаңашылдық мұғалімдер тіркеуден өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша оқушылары жеңімпаз атанған ұстаздарға сертификат беріледі. Сайтта өткен жылғы тест тапсырмалары бойынша дайындықтан өтуге мүмкіндік беретін сынама іске қосылды. Олимпиаданың  мақсаты – ҚР-ның ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының қарым-қабілеттерін дамыту.
«Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Қатысу тегін. Шара ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізіледі.
 «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы басталғалы облыс бойынша ауылдық жердегі мектептердің 5-6 сыныбында оқитын 21 291 бала өз бақтарын сынап үлгерген. 541 оқушы финалист атанып, оның 89-ы жеңімпаз атанған. Сондай-ақ, ауылдық жерлердің 6 сыныпта оқитын 34 жеңімпаз оқушылары аймақтағы мамандандырылған және республикалық мектептерге түсті.