Өңірдегі экологиялық ахуал басты назарда. Әсіресе, Өскемендегі ірі өндіріс орындарының қызметі бақылауда болады. Кәсіпорындардан атмосфераға бөлінетін зиянды шығындылардың мөлшеріне есептеулер жүргізіледі. Бұл туралы экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев мәлімдеді. Департамент басшысының сөзінше министрлік тарапынан арнайы бағдарлама да әзірленіп жатыр.
Облыс орталығындағы ауа сапасына мониторингіні Қазгидромет жүргізеді. Өскеменде барлық деректерді автоматты түрде тіркейтін 10 бекет жұмыс істейді. Экология департаментінің басшысы болашақта кәсіпорындардың шығарындыларын нақты уақыт режимінде анықтау жұмыстары қолға алынатынын айтады.
Салалық басқарма басшысы аталған бастама Еуропа елдерінде жемісті қолданылып келе жатқанын айтты. Бағдарлама толыққанды іске қосылса, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жоба өз нәтижесін беруі тиіс. Алайда, негізгі жұмыстар азаматтардың белсенділігіне тығыз байланысты болғандықтан, халықтың пікірі экологтар үшін аса маңызды.
Сондай-ақ, былтыр  экология департаментімен 259 айыппұл өндірілді. Оның жалпы сомасы 117 млн теңге.