Жыл басынан бері облыс кәсіпорындарында 16 жазатайым оқиға тіркелген. Салдарынан 11 адам ауыр жарақат алған. Өндіріс ошақтарында жұмысшылардың зардап шегуіне не себеп? Бұл туралы еңбек инспекциясының басқарма басшысы Бақытбек Қизатов мәлімдеді.
Еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторларымен 244 өтініш қаралған. Оның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 243 өтініш болса, 135 жазбаша түсініктемелер.

Сондай-ақ, еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша 76  тексерулер жүргізіліп, 83 заң бұзушылық анықталған. 4,2 млн.теңге көлемінде 40 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Облыстың 21 кәсіпорны 642 қызметкердің алдында берешегі бар. Жалпы соммасы 250,8 млн.теңге.

Жыл басынан бастап өндірісте 16 жазатайым оқиға тіркелген. 11 адам ауыр жарақат алған. Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда жарақаттану деңгейі 10 % - ға төмендеген.

Сондай ақ, мемлекеттік еңбек инспекторлары заңнамамадағы өзгерістерді түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыстарын жүргізіп тұрады. Мәселен, ұжымдармен 26-дан астам кездесулер өткен. Жеке мәселелер бойынша 224 азамат қабылданды.