Өскеменде мектеп оқушыларының арасында математика пәні бойынша олимпиада өтті.Олимпиаданың мақсаты – жоғарғы сынып оқушыларын ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру.
 «Алтын түлек» олимпиадасы 10-11 сынып оқушыларына арналған. Сайыс 2 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде оқушылар өңір-өңірден қатысып, бақ сынасады. Бұл сыннан сүрінбей өткен оқушылар республикалық кезеңге жолдама алды.
Оқушыларға 20 сұрақ берілді. Оның 10 сұрағы тест түрінде белгіленсе, қалған логикалық есептер. Әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланды. Берілетін уақыт 100 минут.
Олимпиаданың оқушыларға берері мол. Мәселен, 11-сынып оқушысы Сабина Слямханованың мақсаты жоғарғы оқу орнына грант ұтып алу.
Олимпиада қорытындысы бойынша, 10-сынып оқушысы Руслан Болатбекұлы ең жоғарғы ұпайды жинаса,  11-сынып оқушылары Нұрсұлтан Әлімжанов, Сабина Слямханова, Есенжан Әсетов және Алмас Амирханов жоғарғы оқу орнына 4 жылдық грант ұтып алды.