Облыс орталығындағы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында биыл 20 жаңа автобус сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы 57 бірлік  техника алу көзделген.
Бұған дейін қала жұртшылығының қоғамдық көлік қозғалысына қатысты айтар уәжі көп еді. Енді міне бұл түйткілді мәселе оң шешім таппақ.  Мұндай жаңашылдыққа халықтың басым көпшілігі дән риза.
Бүгінге дейін 91 автобус сатып алынған. Олардың барлығы жылжымалы құрамды жаңарту бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Қалалық жолаушылар тасымалын басқару орталығының баспасөз хатшысы Еркежан Бұлақпаеваның айтуынша, жыл соңына дейін тағы 57 қоғамдық көлік алу жоспарда бар.
Барлық бағыттағы автобустардың жүру жиілігі 10-15 минут. Облыс орталығындағы қоғамдық көліктерді жаңарту бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.