Ұлан  ауданына "Ертіс концерт" ұжымы гастрольдік сапармен барды. Жергілікті тұрғындар үшін мәдениет үйлерінде бірнеше концерт берді. Өнер ұжымы Герасимовка, Таврия, Бозанбай, Сағыр ауылы тұрғындарыныңқошеметіне бөленді.
Биыл өңірдің шағын ауылдары мен аудан орталықтарының тұрғындары аспаптық музыка кештеріне жиі қатыса алады. Қалың көпшілік облыстағы жарық жұлдыздар мен Қазақстанның үздік солистерінің классикалық және заманауи туындыларына  қанық болды.Өнер ұжымының гастрольдік туры облыс әкімінің тапсырмасы бойынша іске асырылуда. Сонымен қатар, " Рухани жаңғыру" және "Ауыл – ел бесігі"бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылып жатыр. Басты мақсат-жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Ұлан  ауданында өткен кеш көрермендер көңілінен шыққаны анық. Тұрғындар ерекше ықыласпен өнерпаздарға қол соғып, қошемет көрсетті.
Шығармашылық ұжым алдағы уақытта  гастрольдік сапармен басқа да аудандарды араламақ.