Облыстық телеарна алпыс бес жылдық тарихы ішінде жан-жақты дамып, заман ағымынан қалмады. Білікті мамандар көрерменнің талғамына сай, мазмұнды, озық дүниелерді ұсынып келеді. Тіпті арнаның кәсіби мамандарының арқасында мұнда сонау 1959 жылдан-ақ кино өндірісі жолға қойылды.  
Облыстық телеарна әрдайым мазмұн сапасымен, бағдарламаларының саналуандығымен, қызметкерлерінің жоғары шығармашылық деңгейімен тек үздіктер қатарынан табылып отырды. Білікті де білімді мамандар арқасында мұнда 1959 жылдан-ақ кино өндірісі жолға қойылды. «ALTAI» облыстық телеарнасы камераларының объективіне аймақтың және тұтас еліміздің маңызды оқиғалары, айтулы даталары және ауқымды іс-шаралары түскен. «Осының бәрі де ұжымдағы үйлесімді жұмыстың, кәсіби шеберліктің және шығармашылық әлеуеттің арқасында мүмкін болып отыр» , - дейді телеарна ардагерлері.
Телеарна ұжымы бай тәжірибесімен мақтана алады. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған ақпарат жаршысы өңірлердегі телеарналармен  де тығыз қарым-қатынас орнатқан. Жарты ғасырдан астам тарихы бар қазақ телевизиясы талай толқынды тәрбиеледі. Аға буынның үйретері, айтары көп. Сондай тұлғалардың бірі – Павел Боритник.  Ол өңірлік телевизияның өсіп-өркендеуіне мол үлес қосты. 60-шы жылдардың басында ол режиссерлік еткен алғашқы фильмдер жарық көре бастады. Айталық, «На медведя» фильмі Монте-Карло қаласында өткен халықаралық фестивальда бас жүлдені жеңіп алды.
Павел Бортник жас ұрпаққа бар білгенін үйретіп, тағылымды тәрбие берген телевизия майталманы еді. Жастар оған қарап бой түзейтін.Ол әрдайым ел мүддесі үшін еңбек ете білді.
Облыстық телеарна шынайы деректерді таратады. Бұл – ұжымның мәртебесі. Жас мамандар аға буыннан барлық тәжірибені бойларына сіңіре білді.