«На госслужбе» атты жаңа туынды жарық көрді. Тұсаукесер Өскеменде өтті. Көркем әдебиетті насихаттаушы, шығарма авторы Жан Ақжанов. Ол Жайсаң мен Самира есімді кейіпкерлер арқылы мемлекеттік қызметкерлердің мәселесін халыққа жеткізгісі келген.

 «Бұл оқиға бұрындары, менің студентік шағымда» деп басталатын кітап мемлекеттік қызметкердің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған. Автор өзімнің мемлекеттік қызметтегі достарына арнадым деп жазған. Кріспе сөзге. Көбі бұл салада қызмет атқаратын жандарда ешқандай проблема, еш қиындық болмайды деп естептейді. Бұл – жаңсақ пікір,- дейді автор. Тіпті бұл еңбегін аяқтау үшін арнайы зерттеу жасап, елдің көптеген аймақтарына барған екен.

 «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бұл – Президенттің тұжырымдамасы. Ал, бұл кітап осы мемлекетке азда болса тигізген пайдам, -дейді автор. Халық саяси сауатты болса, билік оған құлақ аспай қайда барады. Жан Ақжановтың кітап жазудағы тағы бір мақсаты да осы екен.  

Жан Ақжанов жастарға да сын айтты. Әлеуметтік желі, интернетте құр босқа отыру уақыттың жауы. Артық білімді кітаптан іздеген жөн, - деді автор шара барысында.