Облыс орталығында әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кезекті жиында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселесі қаралды. Сондай-ақ, жиын барысында бірқатар мемлекеттік қызметшілер мен ведомство басшыларына қатысты шара қолдану бойынша ұсынымдар берілді.
Брифингте қарастырылған өзекті мәселе - мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын сақтамауы. Бұдан бөлек, жиында 5 сұрақ қамтылған. Оның төртеуі профилактикалық шараларға қатысты.
Бұл кемшіл тұстар бойынша міндетті түрде әдеп жөніндегі кеңеспен тиісті ұсынымдар мемлекеттік органдарға жіберілетін болады, дейді әдеп жөніндегі кеңесті төрағасы Нұрлан Еркебаев. Сондай-ақ тексеру нәтижесінде мемлекеттік қызмет заңнамасын бұзғаны үшін департамент басшысына тәртіптік жаза қолданылған.
Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілгін арттыру мақсатында олардың тарапынан қандай да бір құқықбұзушылықтар орын алған жағдайда қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны белгілі. Сондықтан әр мемлекеттік қызметші әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Кеңестің жұмысы біреуді жазалауды емес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, заңбұзушылыққа жол бермеуді көздейтінін түсінген жөн,дейді Нұрлан Еркебаев.