Аймақтың басты  телеарнасының тарихы наурыз айынан бастау алады. Бұл қара шаңырақ талай білікті мамандарды тәрбиелеп шығарды. Солардың бірі- талантты таспагер Саид Фазылов. Оның телевизия саласын, дамытуға тигізген үлесі зор. Себебі,  ол қызмет еткен шақта телестудия КСРО-да  алғашқы болып кинотаспадан бейне көрсетілімге көшті. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы туған өлке тарихын көрерменге жеткізді.

1960 жылы Саид Фазылов облыстық телестудияға жұмысқа орналасты. Ол жұмысқа әрқашан тың идеялармен келетін. Саид Исмагилович бір кездері таспагерлер қолданатын құралдарды заманауи бейнекамераға ауыстыру үшін ат салысты. Кез-келген қиындықтан жол табатын, іскер азамат еді. Алғаш рет түрлі камераларды Испанияда іссапарда жүргенде бір американдықтан көрген. Қызығушылығының арқасында бірнеше жылдан кейін Өскемен телестудиясы қажетті аппаратурамен жабдықталды.
1998 жылы Саид Фазылов "Real time"студиясын құрды. Онда жаңа жабдықтар әкелінді. Ол кезде облыс орталығында мұндай жоба болған жоқ еді.